Спорт

Допинг қолданғаны үшін Айбол Әбікен төрт жылға футболдан шеттетілді

Айбол - алматылық "Қайраттың" түлегі, оның ойыншы ретіндегі құқығы осы командаға тиесілі
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Допинг қолданғаны үшін Айбол Әбікен 4 жылға футболдан шеттетілді.
26 жастағы Айбол Әбікен - Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы.
Қазақстан допингке қарсы орталығы мәлім еткендей, мамыр айында Айбол Әбікеннің ағзасынан тыйым салынған мельдоний (милдронат) препараты табылған.
Осылайша, Айбол Әбікен кәсіби футболға 2026 жылдың 29 сәуірінде ғана, 30 жасқа жақындағанда орала алады.
Айбол - алматылық "Қайраттың" түлегі, оның ойыншы ретіндегі құқығы осы командаға тиесілі.