Ақтөбеде бір отбасының екі баласы суға батып кетті

Олардың денесі 3 метр тереңдіктен табылды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Ақтөбе облысында үш адам суға кетті. Оның екеуі бір үйдің екі баласы, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлардепартаменті.
Кеше Ақтөбе қаласының Алматы ауданындағы Заречный-1 тұрғын ауданының көпірі маңында бір адам суға кеткен.
Мәлім болғандай,18 жастағы жігіт шомылуға тыйым салынған жерге суға түскен. Оның денесі жағадан 10 метр қашықтықта, 3 метр тереңдіктен табылды.
Сонымен қатар кешкі сағат 19:30-да сол маңында 2009 және 2011 жылы туған екі бала суға батып кетті.
"Олардың денесі 3 метр тереңдіктен табылды. Екеуі бір отбасының баласы", - делінген хабарламада.
Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті суға түсудің ережесін сақтауды ескертеді.