Оқиға

Ақтөбе облысында жол апатынан алты адам көз жұмды

Honda Fit көлігінің жүргізушісі мен тағыбір жолаушы Ырғыз аудандық ауруханасына жеткізілді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Ақтөбе облысында жол апатынан алты адам көз жұмды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
"30 шілдеде 23.30-да Ырғыз ауданының Қалыбай ауылы маңында Самара-Шымкент тас жолында жол апаты болды. Рөлде Қырғызстан азаматы отырған Honda Fit көлігі қарсы жолаққа шығып кетіп Lada Largus көлігімен соқтығысты. Апат салдарынан Lada Largus көлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушысы және Honda Fit көлігінің жолаушысы көз жұмды", - делінген хабарламада.
Honda Fit көлігінің жүргізушісі мен тағыбір жолаушы Ырғыз аудандық ауруханасына жеткізілді.