Шахмат Олимпиадасында Қазақстанның әйелдер құрамасы алғашқы қарсыластарын жеңді

Қазақстандықтар Гватемала шахматшыларынан 4:0 есебімен басым түсті
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде - Sputnik. Қазақстандық шахматшы қыздар Олимпиаданы сәтті бастап, Гватемала құрамасын жеңді.
Жеңіске жеткен шахматшылар: Жансая Әбдімәлік, Бибісара Асаубаева, Ксения Балабаева және Гүлісхан Нахбаева.
Екінші турда біздің қыздар Бельгия құрамасымен кездеседі.
Қазақстанның ерлер құрамасы да Тайвань шахматшыларын жеңді: Әлішер Сүлейменов пен Қазыбек Нөгербек қарсыластарын жеңсе, ал Мұртас Қажғалеев пен Арыстанбек Оразаев тең түсті. Судья қазақстандықтардың жеңісін 3:1есебімен тіркеді.
Екінші турда ерлер құрамасы Тәжікстан шахматшыларымен ойнайды.