НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде – Sputnik. Таңертең Орал қаласында жол қиылысында екі жолаушылар автобусы соқтығысты.
Олардың бірі бүйіріне аударылып, жаяу жүргіншілер өткеліне тоқтаған Toyota Camry көлігін басып қалды, деп жазды "Мой город".
Жолаушыларға автобустан сынған алдыңғы әйнек арқылы шығуға тура келді. Оқиға орны сигнал лентамен қоршалып, үш жедел жәрдем көлігі келді.
"Соқтығыс кезінде жолаушылардың барлығы отырған еді. Дүрбелең болды. Жас жігіттер жүгіріп келіп, адамдарды алдыңғы әйнек арқылы шығаруға көмектесті", - деді әйел.
Оқиға орнында дәрігерлер жұмыс істеп жатыр, полицейлер жол апатының мән-жайын анықтайды. Полиция департаменті мен денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметтері кейінірек толық ақпарат беруге уәде етті.