Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтанда арнайы операция өткізді

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті есірткі арнасын жойды.
26 шілдеде арнайы операция кезінде аса ірі көлемдегі психотропты заттарды сатты деген күдікпен елорда тұрғыны ұсталды.
"Заңсыз айналымнан 1,5 кг "мефедрон", 1,4 кг "альфа-PVP" және 659 таблетка МДМА ("экстази" деп айтылады) тәркіленді", - деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
Тергеу есірткіні қала орталығындағы жалдамалы пәтерде орап, Интернет арқылы тұрақты түрде сатылғанын анықтады.
Аталған факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізілуде, 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.