Шымкентте туған әпкесінің телефонын ұрлап кеткен жігіт ұсталды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Шымкентте жігіт туған әпкесінің телефонын ұрлап, сатып жіберген, деп хабарлады Polisia.kz.
Шымкент ҚПД Еңбекші ауданы полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында анасының үйіне қонаққа барып, сол жерде белгісіз жағдайда құны 85 мың теңге тұратын ұялы телефоны ұрланғанын жазып көрсеткен.
Еңбекші АПБ учаскелік полиция инспекторлары жедел іздестіру іс-шаралары барысында ұялы телефонды арызданушының туған інісі ұрлағанын анықтады.
Күдікті телефонды дүкендердің біріне 3500 теңгеге сатып, ол қаржыны өз қажеттілігіне жұмсаған.
Ұсталған азамат бұл іске ақшадан қысылғандықтан амалсыз барғандығын айтып, өз кінәсін мойындады.
Ол әпкесінің телефоны қуатталып жатқанын көріп, бөлмеде ешкімнің жоқтығын пайдаланып, ұрлап кеткен.