Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда "ГАЗель" өртенді - видео

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде - Sputnik. Нұр-Сұлтанның орталық көшелерінің бірінде газбен жүретін шағын автобус жанып кетті.
Елорданың төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, оқиға 28 шілдеде сағат 15.48-де Тұран даңғылы, 89-да болған.
Өрт салдарынан газ баллон жабдығы жарылды. Өрт сағат 16.02-де бес өрт сөндірушінің күшімен сөндірілді.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Оқиға 28 шілдеде болған