НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде - Sputnik. Қазақстан қор биржасында жұма күндізгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша ұлттық валютаның АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы - 477,09 теңге.
Бұл бағам Ұлттық банктің 30, 31 шілде және 1 тамызға арналған ресми бағамы болып саналады.
Бүгінгі сауда-саттықта ұлттық валюта алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 1,69 теңгеге нығайды. Айырбастау пункттерінде долларды 475-477 теңгеден сатып алады, 479-481 теңгеден сатады.
KASE сауда-саттығында рубль бағамы 7,8 теңге болды.
Бүгін сауда-саттықта Brent мұнайының бағасы барреліне 106,9 долларды құрады, айтарлықтай өзгерген жоқ.