Фото

Әлемдегі ең тартымды ер адам кім - фото

Nubia онлайн-журналы жарты жылға жуық уақыт бойы сауалнама жүргізіп, әлемдегі ең тартымды ер адамдардың рейтингін жасады. Фотолентада толығырақ
Sputnik
Сауалнама нәтижелері бойынша әлемдегі ең әдемі адам - қытайлық актер және әнші Сяо Чжан.
Басылымның мәліметінше, дауыс беруге 189 елден 11 миллионнан астам адам қатысты. 2,2 миллион респондент Чжанды таңдады. Ең әдемі ерлер үштігінде екінші орынды оңтүстік кореялық әнші және актер Ким Тхэхен алды, үшінші орынға Қытай актері, биші және тележүргізуші Ван Ибо ие болды.
Сондай-ақ, номинанттар қатарында актерлер Тимоти Шаламе, Генри Кавилл, Том Холланд, әнші Джастин Бибер, футболшы Криштиану Роналду және басқалар болды.
Айта кетері, дәл осы басылым ұқсас сауалнаманың көмегімен әлемдегі ең әдемі әйелді таңдады. Ол оңтүстіккореялық Blackpink тобының әншісі Ким Джису болды.
1 / 11

Nubia журналы нұсқасы бойынша әлемдегі ең әдемі адам қытай актері және әншісі Сяо Чжан

2 / 11

Екінші орында — оңтүстік кореялық орындаушы Ким Тхэхен

3 / 11

Nubia журналының әлемдегі ең тартымды ерлер тізіміне енген қытай актері және әнші Ван Ибо

4 / 11

Әлемдегі ең әдемі ерлердің үштігіне кірмеген, бірақ әлі күнге дейін құрметті рейтинг орындарының бірін иеленген оңтүстіккореялық әнші және ән жазушы Ким Сокчин

5 / 11

"Қала жүрегі" сериалында басты рөлді сомдаған түрік актері Керем Бурсин де номинанттар қатарында болды

6 / 11

Рейтингте түрік актері Джан Яман да бар

7 / 11

Nubia журналының әлемдегі ең тартымды ерлер тізіміне енген актер Рег-Жан Пейдж

8 / 11

Британдық актер Генри Кавилл - үміткерлердің бірі

9 / 11

Футболшы Криштиану Роналду тізімде бар

10 / 11

Америкалық француз актері Тимоти Шаламе

11 / 11

Nubia журналының нұсқасы бойынша әлемдегі ең әдемі әйел - Оңтүстік Корея әншісі және модель Ким Джису