Экономика

Пияз экспортына тыйым салынған жоқ – министрлік

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Сауда және интеграция министрлігі әлеуметтік желілерде тараған пияз эскпортына шектеу қою туралы ақпаратқа түсініктеме берді.
"22 шілде күні ведомствоаралық комиссия отырысында пияз бағасының өсу мәселесі қаралды. Бүгінгі күні пияз экспортына шектеу қойылған жоқ. Кейбір өңірлерде пияз бағасы 360 теңгеге дейін өсті. Осыған байланысты ведомствоаралық комиссия отырысында ауыл шаруашылығы министрлігіне, сауда комитеті мен облыс әкімдіктеріне бағаның өсу себептерін анықтау тапсырылған болатын", - деді сауда және интреграция министрлігінің ресми өкілі Әлішер Өмірзақ.