Қоғам

Нұр-Сұлтанда әуежайға "мина қойылды"

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Полицияға Нұр-Сұлтан әуежайында бомба бар деген жалған ақпарат түсті. Хат әуе айлағының электронды поштасына келген.
"28 шілде сағат 09:46-да "102" арнасына авиация қауіпсіздігі қызметінен әуежай аумағына қолдан жасалған жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түсті. Бомба туралы хат әуежайдың электронды поштасына жіберілген", - деп мәлімдеді елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Құқық қорғау органдары тексеріс жүргізді. Жарылғыш зат табылған жоқ.
Нұр-Сұлтанның полиция департаменті мина қойылғаны туралы жалған ақпарат қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.