Борис Джонсонды Ұлыбритания үкіметінің құрамынан шығармай жатып, жаңа қызметке ұсынды. Бұқаралық ақпарат құралдары оны НАТО Бас хатшысы қызметіне тағайындау керек деп жазды. Консервативті партияға ол идея ұнап тұр, деп жазды РИА Новости.
НАТО-ның жаңа басшысы келесі жылы сайлануы керек. The Telegraph-тың ойынша, Борис Джонсон осы қызметке толығымен сай келеді, себебі Ресейге қарсы ұстанымы мығым. Бұдан бөлек, Brexit-тің экс-министрі Дэвид Джонсон тегі бір саясаткердің тағы бір басымдығын ерекше атап өтті. Оның сөзіне қарағанда, дәл сол Джонсон Швеция мен Финляндияны альянстың құрамына кіру туралы өтінішті беруге көндірген. Сөйтіп, НАТО-ны күшейтуге тырысты.
Консервативті партия осы бастаманы қолдап отыр. Парламенттегі қорғаныс комитетінің өкілі Ричард Дракстың айтуынша, Джонсон – біртуар британдық. Оған қоса, ол Киевтың лоббистік әлеуетін қолдана алады. Шынымен де, украиндықтар оны жақын тартып отырады. Президент кеңсесінің сайтында оны Украина премьері қызметіне тағайындау туралы петииция да жарияланды.
Ашығын айту керек, Джонсон НАТО-ның Бас хатшысы ретінде алдымен АҚШ-қа пайдалы болады. Олар еуропалық одақтастарынан Ресейге қарсы соғыста нақты шешімдерді күтіп отыр. Батыстың бұқаралық ақпарат құралдары осы мәселені талай рет қозғаған. Бүгінде Еуропалық одақтың басым бөлігі Мәскеумен сындарды диалог жүргізуді қолдайды, я болмаса, Ресей мен Украина арасындағы шиеленістен өздерін алшақ ұстауға тырысады. Ал Джонсонның табандылығы мен қияңқы мінезі ол ұстанымды өзгертуге көмектеседі деп ойлайды.
Mirror-дың мәліметіне сәйкес, Джонсон 2030 жылға дейін Ұлыбританияның қорғаныс саласына бөлінетін қаржыны 2,5 процентке дейін арттырамыз деген. Альянсқа да қажеті осы. Ол бас хатшы ретінде бұны Лондоннан ғана емес, НАТО-ның басқа мүшелерінен де талап ете алады деген болжам бар сияқты.
Джонсон Ұлыбританиядан шыққан НАТО-ның төртінші басшысы бола алады. Бірақ бұл қызметке Германия, Хорватия, Литва мен Эстониядан басқа да кандидаттар бар. Олар - Ангела Меркель, Колинда Грабар-Китарович, Даля Грибаускайте мен Керсти Кальюлайд. Бұл жерде батыстағы гендерлік саясаттың әсері байқалып отыр. НАТО-ны әйел басқаратын уақыт келді деп ойлайтын шығар.
Ұлыбритания премьері қызметінен кетіп жатқан үміткерге Канада, Польша, Румыния, Балтық елдері, Чехия, Хорватия және тағы басқа орысты жек көретін мемлекеттер дауыс беруге дайын тәрізді. Алайда оған қарсы адамдар да бар. Мәселен, жақында Ұлыбританиия армиясының экс-басшысы Ричард Даннат оны қатты сынға алды. Еуропалық одақ көшбасшыларының бәрі бірдей қолдамайтын сияқты. The Telegraph Франция Эммануэль Макронның Лондонды Еуропалық одақтан шығарған адамды қолдамайтынын ашық жазды. Себебі ол өзі еуропалы интеграцияны қолдайды. Германия канцлері Олаф Шольц та Джонсонның НАТО басшылығына келгенін қаламайтын сияқты. Түркия президенті Тайып Реджеп Ердоған болса, Швеция мен Финляндияны НАТО-ға қабылдау бойынша өз талаптарын қойды. Ал Түркия әскердің саны жағынан альянста екінші орында тұр.
НАТО жарғысына сәйкес, бас хатшы бірауыз сайланады. Ал, шын мәнінде, оны бейресми дипломатиялық байланыстар арқылы іске асырады. Мәселен, 2009 жылы Анкара Андерс Фог Расмуссенге қарсы болды. Бірақ бірлескен шешімге вето салған жоқ.
НАТО-ның қазіргі басшысы Йенс Столтенберг биылдан қалмай, отставкаға кетуі тиіс. Бірақ Украинадағы жағдайға байланысты бөгелетін сияқты. Оны батыл шешім жасай алмайтыны үшін сынаған. Столенберг Ресеймен диалог жүргізуді қолдады. Украинаның әуе кеңістігін жабудан да бас тартқан.
Ресейлік сарапшылардың ойынша, НАТО-ның Бас хатшысы қызметіне Борис Джонсон сайланса да, көп өзгеріс болмайды. Альянстың бюрократиялық аппараты оны бақылауда ұстайды.