НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Қызылтөбе ауылында жантүршігерлік жол апаты болды. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жүргізушілердің бірі қарсы бетке шығып кетіп, салдарынан үш адам көз жұмған.
Ақтауға қарай бара жатқан Volkswagen Passat жүргізушісі қарсы бетке шығып, басқа Volkswagen Passat автокөлігімен соқтығысқан.
"Екі көліктің жүргізушілері, сондай-ақ бір жолаушы оқиға орнында қаза болды", - деп мәлімдеді Маңғыстау облысының полиция департаменті.
Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-тармағы бойынша (Көлік басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік пайдалану ережелерін бұзуы) сотқа дейінгі тергеу басталды.