НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Қазақстандық KASE қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 478,78 теңге болды.
Осылайша шетелдік валюта бір тәулікте 1,20 теңгеге арзандады.
Ал рубль бағамы 8,02 теңгені құрады.
Айырбастау пунктерінде долларды 477-478 теңгеге сатып алып, 481-483 теңгеден сатып жатыр.