НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Сәрсенбі сағат 15:00-де Тұран даңғылы мен Қабанбай батыр көшесі бойындағы автобус жолағының қозғалысы қайта іске қосылды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Елордалық цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасы мәлім еткендей, бүгін, 27 шілде күні сағат 15.00-де М-1көпіріндегі жол төсемінің жөндеу жұмыстарының аяқталуына байланысты Тұран даңғылы мен Қабанбай батыр көшесі бойындағы автобус жолағының қозғалысын тіркеу қайта басталады.
Еске сала кетейік, жөндеу жұмысына байланысты Бауыржан Момышұлы даңғылынан бастап Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысындағы көлік айырымына дейінгі аралықта көлік қозғалысы уақытша жартылай жабылған болатын.
Қала тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін осы аралықта Тұран даңғылы мен Қабанбай батыр көшесінде Bus Lane қозғалысы өшірілді.