НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Ресей маймыл шешегін анықтауға арналған тест-жүйелерін Қазақстанға тапсырды, деп хабарлайды РИА Новости.
Тесттер "Вектор" мемлекеттік ғылыми орталығында әзірленді. Ғалымдар оны қысқа уақыттың ішінде жасап шығарды.
Қазіргі кезде Ресейдің кез келген жерінде маймыл шешегіне тест тапсыруға болады.
Осы елдің тұтынушылар құқықтарын қорғау және адам саулығы саласындағы қадағалау бойынша федералды қызмет тест жүйелерін ТМД-ның төрт мемлекетіне жеткізіледі. Соның ішінде Қазақстан да бар.
"Ресейлік тест-жүйелер Армения, Қазақстан, Өзбекстан мен Түрікменстанға тапсырылды. Бұдан бөлек, мамандар серіктес мемлекеттердегі әріптестеріне арнап семинарлар өткізіп, маймыл шешегіне зертханалық диагностика жасауға үйретеді", - делінген ресми хабарламада.