Нұр-Сұлтан әуежайынан Чэнду қаласына тура ұшып баруға болады

Ұшу уақыты - 5 сағат 45 минут
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Келесі айда Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайынан Қытайдың Чэнду қаласына тікелей әуе рейсі ашылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, жаңа рейсті Air China әуе компаниясы орындайды. Airbus 320 жолаушылар ұшағы 7 тамыздан бастап аптасына бір рет жексенбі сайын Чэнду қаласына ұшады. Ұшу уақыты - 5 сағат 45 минут.
Чэнду — Сычуань провинциясының әкімшілік орталығы. Осы мегаполиске туристер көп барады. Ол жерде тарихи жерлер және көрікті орындар баршылық. Ал Air China компаниясы Қытай үкіметіне қарайды. Штаб-пәтері Бейжің қаласында орналасқан. China Southern Airlines компаниясынан кейін екінші орында тұр. 2007 жылы желтоқсан айында жолаушылар тасымалы саласындағы Star Alliance жаһандық авиациялық альянстың құрамына енді.
Айта кетері, Қазақстан астанасынан ұшатын рейстердің саны біртіндеп көбейіп келеді. 17 шілде күні Red Wings "Нұр-Сұлтан – Қазан" рейсін ашқан болатын. Sukhoi Superjet 100 Татарстан астанасына аптасына бір рет қатынайды.
Сондай-ақ, 22 шілдеде "Россия" әуекомпаниясы "Нұр-Сұлтан – Красноярск" әуе рейсін орындауға кірісті. Оған да Sukhoi Superjet 100 аптасына үш рет дүйсенбі, жұма мен жексенбі күндері ұшады. 9 тамызда Red Wings тағы "Нұр-Сұлтан-Омбы-Нұр-Сұлтан" ашады.
Экономика
Қазақстан мен Қытай 1 шілдеден бастап тікелей әуе қатынасын жандандырады