Өңірлер

Алматыда заңсыз салынған тұрғын үй кешені сүріледі

Тұрғын үй кешені жартылай салынып қойған
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Алматыда Наурызбай ауданындағы заңсыз салынған "Жайсан" тұрғын үй кешені сүріледі.
Алматы қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, Наурызбай ауданы Ақжар шағын ауданындағы "Жайсан" тұрғын үй кешені заңсыз салынып жатыр.
Бұған дейін нысанда тексеріс жүргізіліп, тапсырыс беруші Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 316-бабы 1-бөлігі, 321-бабы, 463-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Басқарма Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына заңсыз салынған нысанды бұзу туралы талап арыз жолдады. Бүгінде талап-арыз қанағаттандырылды. Сот шешімі заңды күшіне енеді деп күтілуде.