Оқиға

Қостанай облысында элеваторда өрт болды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде - Sputnik. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Б.Майлин ауданының Тобыл кентінде элеваторда ірі өрт болды.
"Тобольский элеватор" ЖШС аумағындағы Элеваторная көшесінде астық қабылдау қоймасы жанып жатқаны туралы хабарлама таңертең түсті, деп хабарлайды alau.kz.
Өртті ауыздықтауға ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері, элеватордың мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі және "ҚТЖ" өрт пойызы жұмылдырылды. Барлығы 23 адам және 5 бірлік техника күші жұмсалды. Өрт сағат 15:00 шамасында сөндірілді.
Құтқару ведомствосының мәліметінше:
№ 25 және 26 қоймалар, ауданы 2 400 шаршы метр;
кептіру-жөнелту мұнарасының ғимаратында 40 шаршы метр алаңдағы қабырға қаптамасы және транспортер таспасы;
сондай-ақ 1 040 тонна зығыр жанып кетті.
Отқа оранған аумақты жалпы ауданы - 2 440 шаршы метр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Оқиға орнында Қостанай облысы ТЖД өрт сынақ зертханасының мамандары жұмыс істейді. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.