НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде - Sputnik. Елорда әкімдігінің ғимаратында жеті көпбалалы ана ер адамға жұдырық ала жүгірді. Оқиғаның видеосы желіде тарап кетті. Әйелдер мемлекеттік органға тұрғын үй мәселесі бойынша келді, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
Алайда олар құрылыс саласындағы кәсіпкермен кездесіп қалған. Полиция департаменті әйелдер шығаберісті жауып, ер адамға тап бергенін хабарлады.
"Жанжалға қатысушылар полицияға бір-біріне арыз түсірген. Аталған факті "Сарыарқа" ауданының полиция басқармасында тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шара қабылданады", - деп түсіндірді Нұр-Сұлтан полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Эльмира Шәуленова.