НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде – Sputnik. Атырау қаласының Авангард шағын ауданында жалдамалы пәтерден ерлі-зайыптының денесі табылды. Үйдің есігін бұзуға тура келді, деп хабарлайды ATPress.kz.
Ресми мәліметке сәйкес, 25 шілде күні полицияға қайтыс болған әйелдің анасы хабарласып, қызының пәтер есігін ашпай жатқанын айтты.
Оқиға орнына барған тәртіп сақшылары бірден құтқарушыларды шақырды. Олар есікті бұзып берді.
Пәтерде екі адамның мәйіті табылды. Біреуі – 26 жастағы ер адам, екіншісі – 30 жастағы келіншек.
Алдын ала болжамға сәйкес, ер адам әйелін тұншықтырып өлтірген. Одан кейін өзіне қол салды.
Ерлі-зайыптының төрт баласы қалды. Полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу шаралары бастады.