Оқиға

Алматыда құрылыс алаңында төтенше оқиға болды - бір жұмысшы көз жұмды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде – Sputnik. Алматыда "Жетісу 3" тұрғын үй кешенінде кранды демонтаждау кезінде бір адам көз жұмды, екінші жұмысшы жарақат алды.
Қайғылы жағдай туралы Kris_p_press хабарлады.
Кран бірнеше ай бұрын терезелер мен балкондарға тиіп тұрған. Көрші тұрғын үй кешенінің тұрғындары мен жұртшылық наразы болғаннан кейін құрылыс жабылған, деп жазады паблик.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді