НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде – Sputnik. Ауыл шаруашылығының жер қатынастары комитеті "Ашық НҚА" порталына жаңадан құрылған облыстардың, олардың құрамына енген аудандар мен қалалардың кадастрлық кодын белгілейтін бұйрық жобасын жариялады.
Құжат жобасы бойынша, Абай облысына – 23, Ұлытау облысына – 25, Жетісу облысына – 24 деген кадастрлық код берілмек.
Қонаев қаласы Қапшағай болып тұрған кездегі кадастрлық кодты сақтап қалды – 055.
Абай облысындағы Курчатов қаласының кадастрлық коды – 217, Ақсуат ауданының коды – 333 болады.
Ал Шығыс Қазақстан аумағында қайта құрылған Самар ауданының кадастрлық коды 334 болатын болды.