НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде – Sputnik. Түркістанда күннің ыстық болғаны сонша, асфальттің үстіне жұмыртқа қуыруға болады.
Әлеуметтік желіде жергілікті тұрғындардың видеосы тарады. Екеуі тура тас жолдың үстіне таба қойып, жұмыртқа қуырып жүр.
Видеода ер адам шойын табаны алдымен жолдың жиегіне қойған. Көліктер ары-бері өтіп жүр. 10 минуттан кейін сары май салады.
Сол кезде май шытырлап ери бастады. Осыдан кейін олар бір жұмыртқа жарып салады. Ол да ағарып, пісіп шыға келді.