Талас өзеніне батып кеткен 7 жасар қыздың денесі табылды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде – Sputnik. Жамбыл облысында атасымен бірге суға батып кеткен қыздың денесі табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Өткен сенбі, 23 шілде күні кешкі уақытта 61 жастағы ер адам немересімен бірге Жасөркен ауылына кіреберіс жерде Талас өзеніне түскен. Олар рұқсат етілмеген жерде шомылған. Екеуі суға батып кетті. Құтқарушылар келгенше куәгерлер ер адамның мәйітін шығарып алды. Ал 7 жасар қыздың денесі табылмады. Сол күні қараңғы түсіп, іздестіру жұмыстары тоқатылған.
Ертесінде құтқарушылар қайтадан іздестіру шараларына кірісті. Оған 74 маман мен 7 техника тартылды. Бұдан бөлек, еріктілер мен жергілікті тұрғындар, барлығы 100 адам көмекке келді.
24 шілде күні гидроторапта шлюзді көтеру кезінде суға батып кеткен қыздың денесі табылды.
Оқиға
Астана су қоймасына батып кеткен журналистің денесі бес күннен кейін табылды