НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде – Sputnik. Маңғыстау облысы Бейнеу ауылының тұрғындары жергілікті Loto Club жұмысын тоқтатуды талап етіп, бейнеүндеу жариялады.
Тұрғындар Бейбарыс Сұлтан көшесінде орналасқан букмеркерлік кеңсенің жіті тексерілуін қалайды. Олардың сөзінше, Бейнеу ауылының тұрғындарын құмар ойынға тартқан клуб ойын автоматтары арқылы заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан.
"Жас отбасылардың шаңырағы шайқалып жатыр. Жастар лото-клуб кесірінен қарызға белшеден батып, өздеріне қол салуға дейін барады. Мұның алдын алу үшін 16 мамырда Бейнеу ішкі істер департаментіне бейнеайғақтар жібергенбіз. Алайда мемлекеттік органнан әлі күнге дейін жауап келген жоқ", - дейді тұрғындар.