Өңірлер

Ақтөбе облысында бақташыға найзағай түсті - қазіргі жағдайы қалай

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде - Sputnik. Ақтөбелік дәрігерлер бір күн бұрын найзағай соққан ер адамның жағдайы туралы айтты.
41 жастағы тұрғын 24 шілде сағат 06:50-де ауруханаға жеткізілді. Ембі өзенінің маңында мал бағып жүрген кезде найзағай түскен.
Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы оған оң қолы, көкірек, қарын қуысы және оң аяғының күйігі диагнозы қойылғанын хабарлады. Денесінің 15%-і күйген.
Зардап шегушінің жағдайы тұрақты, ауырлығы орташа дәрежеде, деп хабарлайды "Мой город" порталы.
Найзағай кезіндегі қауіпсіздік ережелері:
биік ағаштар мен электр желілерінің жанында болмаңыз;
суға шомылуға тыйым салынады, өйткені суға разряд түсуі мүмкін;
қолыңызда ұзын металл заттарды, оның ішінде қолшатыр мен шыбық ұстамаңыз.