Алматылықтарды 300 млн теңгеге алдап кеткен келіншек ұсталды

Әйелдің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде – Sputnik. Алматыда алаяқ әйел ұстады. Ол қала ұрғындарын 300 млн теңгеге алдап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Күдікті тендерге қатысуға және жеңіске жетуге көмектесемін деген. Жақсы таныстарым бар деп сендірді. Осылайша, бірнеше адамды 300 миллион теңгеге алдап кетті.
Әуезов ауданының полицейлері алаяқтық жасаған 37 жастағы әйелді ұстады. Оған қатысты бес қылмыстық іс қозғалды.

"Күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Әйелдің осы іспеттес басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр", - дейді полицейлер.

Айта кетері, Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық, ірі мөлшерде екі немесе одан да көп адамға қатысты әрекет) бойынша үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкі тәркіленеді.