НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Король Салман бен Әбделәзиз Әл Саудты еліміздің ең жоғары мемлекеттік наградасы – "Алтын Қыран" орденімен марапаттады. Оның Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы достық пен серіктестікті нығайтуға зор үлес қосқаны айтылды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Джидда қаласына ресми сапары аясында Сауд Арабиясы тарапына орденді салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Джидда қаласына ресми сапары аясында Сауд Арабиясы тарапына орденді салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.
"Алтын қыран" наградасы - Қазақстан Республикасының жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі. "Алтын Қыран" орденiмен азаматтар Қазақстан Республикасына сiңiрген мемлекеттiк ерекше еңбегi үшiн наградталады. Қазақстан Республикасының президентi лауазымы бойынша айрықша үлгiдегi "Алтын Қыран" орденiнiң иегерi болып табылады.
Еске сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясына король Салман Бен Әбделазиз Әл Саудтың шақыруымен келген болатын. Келіссөздер барысында тараптар елдер арасындағы ынтымақтастық туралы 13 құжатқа қол қойды.