Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Харьков облысында зейнетақы, жәрдемақы және жалақы төлене бастады

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Харьков облысында зейнетақы, бюджет қызметкерлеріне жалақы және әлеуметтік жәрдемақы төлене бастады, деп хабарлайды РИА Новости.
"Әлеуметтік жәрдемақы мен зейнетақы төлеу бойынша Харьков облысының басшылығының уәжін толыққанды тыңдадық. Қазір обұл мәселеде біршама қиындық бар, бірақ біз қазірдің өзінде зейнеткерлерге, бюджет қызметкерлеріне жалақы мен әлеуметтік төлемдерді төлеуді бастадық", - деді Ресей премьер-министрінің орынбасары Марат Хуснуллин.
Украинадағы арнайы операция кезінде Ресей армиясы Луганск Халық Республикасының күштерімен бірге Харьков облысы аумағының бір бөлігін бақылауға алды. Ол жақта – Волчанск, Изюм, Купянск және Казачья Лопань ауылында төрт аудан әкімшілігі құрылды. Аймақта украин гривнасы да, ресей рублі де қолданылады. Бұл аудандардың тұрғындарына біржолғы жәрдемақы төленіп жатыр.
Еске салсақ, 24 ақпаннан бері Ресей Украинаны денацификациялау және демилитаризациялау бойынша арнайы әскери операция жүргізіп жатыр. РФ президенті Владимир Путин "сегіз жыл бойы Киев режимі тарапынан зорлық-зомбылық пен геноцидке ұшыраған адамдарды қорғауды" осы операцияның мақсаты деп атады. Путиннің айтуынша, операцияның түпкі мақсаты - Донбассты азат ету және Ресейдің қауіпсіздігіне кепілдік беретін жағдайға қол жеткізу.