НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Алматы қаласында көлік жүргізушісі бетон қабырғаға соғылып, қаза болды. Ал оның жанында отырған жолаушы оқиға орнынан қашып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, Audi A6 жүргізушісі Саин даңғылымен келе жатқан. Ал Шаляпиннің көшесі өтетін көпірдің астына кіргенде рөлге ие бола алмай, айнала бастаған. Сосын бордюрге және бетон қабырғаға соғылған. Одан кейін аударылып, бірнеше метр сырғып өткен.
Автокөлік бетон қабырғаға соғылып, аударылды
© Sputnik / Стрингер
Салонда екі адам болған. Көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза болды. Куәгерлердің айтуынша, жолаушы оқиға орнынан қашып кеткен.
Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды
© Sputnik / Стрингер