Алматылықтарға далаға шықпауға кеңес берілді

Депаратменті алматылықтарға далаға шықпауға кеңес берді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Алматы қаласының төтенше жағдайлар депаратменті қатты ыстыққа байланысты халыққа ескерту жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазгидрометтің мәліметіне сәйкес, 24-28 шілде күндері Алматы қаласында 36-38 градус ыстық болады.
"Қала тұрғындары мен қонақтарын күн сәулесiнiң әсерiнен сақтану үшiн серуенге шықпауға шақырамыз!", - дейді департамент мамандары.
Ал далаға шыққан адамдар қауіпсіздік шараларын сақтауы қажет.
Олар:
күн сәулесі тікелей түсетін жерлерде мүмкіндігінше аз болу;
алкогольді ішімдік ішпеу, себебі алкоголь ыстықта ағзаға тез әсер етеді;
сұйықтықты (салқындатылған су, минералды су) мүмкіндігінше көп ішу;
денеге салмақ түсірмеу;
автокөлікпен ұзақ сапарларға шықпау;
балаларды көліктің ішінде қалдырмау;
"Сағат 12: 00-ден 16: 00-ге дейінгі уақытта күннің сәулесі белсенді болады. Денені күн сәулесінен қорғап, жабық киім киюге тырысыңыз және күннен қорғайтын сықпа майлар қолданыңыз", - деп атап көрсетті құтқарушылар.