Қоғам

Болат Назарбаевтың жағдайына қатысты ресми ақпарат шықты

Тұңғыш президенттің інісі жеті жылдан бері онкологиялық аурумен күресіп келеді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. "Салиқалы ұрпақ" қоғамдық қоры Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі – Болат Назарбаевтың денсаулығына қатысты ақпарат таратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қор басшысы Қасым Қасабековтің айтуынша, Болат Назарбаев жеті жылдан бері онкологиялық аурумен күресіп жүр.
"Болат Назарбаевтың жағдайы тұрақты ауыр, 2015 жылдан бері онкологиялық аурудан емделіп жүр", - дейді Қасабеков.
Осы орайда қор басшылығы журналистерді этиканы сақтауға үндеп, Болат Назарбаевтың жеке суреттерін таратпауды сұрады.
Айта кетері, бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Болат Назарбаевтың ауруханада жатқан фотосы және арбада отырған видеосы тараған болатын. Биыл экс-президенттің інісі 69 жасқа келді.
Агенттік Болат Назарбаев пен әйелінің "рейдерлік ісіне" қатысты пікір білдірді