Экономика

Тоқаев Ұлттық банкке инфляцияны тежеу жұмыстарын күшейтуді тапсырды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысына Ұлттық банктің биылғы қаңтар-маусым айларында жүзеге асырылған ақша-кредит саясатының алдын ала қорытындылары туралы есеп берілді.
Ұлттық банк төрағасы президентке инфляцияға қатысты болжамдар, тұтыну бағаларын тұрақтандыруға бағытталған шаралар, еліміздің халықаралық резервтерінің қазіргі жай-күйі туралы айтты.
Кездесу соңында Тоқаев инфляцияны тежеу жұмыстарын күшейтуді және ақша-кредит саясатының тиімділігін арттыруды тапсырды.
14 шілдеде өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев инфляция 2015 жылғы деңгейден асып кеткенін мәлімдеді. Айтуынша, қазір инфляция 14,5 процентке жеткен.