НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде – Sputnik. Семейдегі кәріз құдықтарының бірінен екі ер адамның денесі табылды. Болжам бойынша олар құдықта жиналған газдың уланған, деп хабарлайды YK-news.kz.
Семей қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі осы оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
"21 шілдеде Затон полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеуді бастады, оның аясында бірқатар сараптама тағайындалды. Істің барлық мән-жайын анықтаудың жан-жақты, толық және әділдігін қамтамасыз ету үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді ведомствода.