НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде - Sputnik. Қытай химиктері адамның көз жасынан ақуыз молекулаларының жиынтығын шығаратын наномембраналарды ойлап тапты.
Бұл тәсілді қант диабетін, құрғақ көз синдромын және басқа ауруларды диагностикалау үшін қолдануға болады, делінген ACS Nano ғылыми журналының мақаласында.
Наномембраналар ақуыз компоненттері мен қысқа РНҚ молекулаларын көз жасындағы тұздан, антиденелерден және басқа қосылыстардан бөлу үшін қолданылады.
Осылайша аурудың биомаркерлерін алып, оларды зерттейді. Болашақта аурудың мұндай диагностикасы клиникада немесе үйде де пайдаланылуы мүмкін, делінген мақалада.