Денсаулық

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны өсіп жатыр

Ковидтен 14 026 адам ем алып жатыр
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде - Sputnik. Өткен тәулікте республикада коронавирус жұқтырудың 2480 жаңа жағдайы тіркелді, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. ⠀
22 шілдедегі жағдай бойынша коронавирустан 14 026 адам ем алып жатыр. Оның ішінде стационарларда – 1206 пациент, амбулаторлық жағдайда – 12820 пациент бар. Сырқаттанғандар арасында:
ауыр хәлде - 25 пациент,
аса ауыр дәрежедегі жағдайда – 5 пациент,
өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған - 3 пациент.
Еске сала кетсек, кеше Нұр-сұлтан эпидемиологиялық ахуал бойынша "сары" аймақта болды.
Денсаулық
Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық ахуал бойынша "сары" аймаққа кірді