Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Шойгу арнайы операцияға қатысқандарға медаль табыс етті

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. Бейсенбі күні Ұлттық қорғанысты басқару орталығында Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу Украинадағы операция кезінде ерлік көрсеткен ресейлік әскерилерге жоғары мемлекеттік наградаларды табыс етті, деп хабарлайды РИА Новости.
"Президенттің жарлығымен танк полкінің командирі полковник Иван Шицке, жойғыш авиация полкі командирінің орынбасары подполковник Илья Сизовке, огнемет взводының командирі аға лейтенант Андрей Соловьевке және взвод командирінің орынбасары аға сержант Мерген Донгакқа Ресей Батыры атағы берілді", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар, "Алмаз-Антей" концернінің бас директоры Ян Новиков "қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге, заманауи қару-жарақ, әскери және арнайы техникаларды әзірлеуге және дайындауға қосқан сүбелі үлесі үшін" деген таңбамен "Алтын жұлдыз" белгісімен марапатталды.