Экономика

Қазақстан Ресейден сатып алатын гудрон мөлшерін ұлғайтты

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. Қазақстан Ресей Федерациясынан гудрон жеткізілімін арттыру туралы келісімге қол қойды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, 2022 жылғы 18 шілдеде Қазақстан Республикасы энергетика министрлігі және Ресей Федерациясының энергетика министрлігі Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына әкетуге тыйым салынған немесе шектеу қойылған мұнай өнімдерінің тізбесін және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерге Қазақстан Республикасынан экспортқа тыйым салынған немесе шектеу қойылған мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы 2019 жылғы мамырдағы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойды.
Хаттамаға қол қоюдың мақсаты Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына гудрон жеткізуге арналған квотаны жылына 430,0 мың тоннаға дейін ұлғайту, сондай-ақ "ЦЭНКИ" АҚ филиалы – "Оңтүстік" ғарыш орталығының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін автомобиль бензиндерін жеткізуге арналған квотаны ұлғайту болып табылады.