Саясат

Орталық Азияның бес мемлекетінің тек үшеуі ғана тату көршілік туралы шартқа қол қойды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан Орталық Азияны ХХІ ғасырда дамытуды көздейтін достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды. Қалған екі мемлекет кейінірек қол қояды деп жоспарлануда.
Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың баспасөз қызметі шартқа үш ел қол қойғанын атап өтті.
"Орталық Азия елдерінің лидерлері бірлескен мәлімдеме қабылдады. Бұдан бөлек, президент Садыр Жапаров, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеев Орталық Азияны ХХІ ғасырда дамытуды көздейтін достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды. Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мен Түрікменстан президенті Сердар Бердымухамедов бұл құжатқа өз елдерінде мемлекетішілік процедураларды аяқтағаннан кейін қол қояды", - деді РИА Новости-ге баспасөз қызметінің өкілі.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 21 шілдеде Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуіне қатысты.
Жиында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан көшбасшылары әлемдегі қазіргі геосаяси және экономикалық ахуалға байланысты өңірлік интеграцияның перспективаларын қарастырды.
Саясат
Тоқаев мемлекетаралық шекараға қатысты даулы мәселелерді қалай шешу керектігін айтты