НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. Орталық Азия мемлекеттері басшыларының төртінші консультативтік кездесуінің қорытындысы бойынша бірнеше құжат қабылданды. Қырғызстан президенті баспасөз қызметінің мәліметінше, республика басшылары бірлескен мәлімдеме қабылдады.
"Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы Орталық Азияны ХХІ ғасырда дамытуды көздейтін достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ мемлекет басшылары қабылдады:
Орталық Азия мемлекеттерінің көпжақты форматтар аясындағы өзара іс-қимылдар тұжырымдамасы;
"Жасыл күн тәртібі" аймақтық бағдарламасы;
өңірлік ынтымақтастықты дамытудың 2022-2024 жылдарға арналған жол картасы.
Одан бөлек мемлекет басшылары Тәжікістан президенті Эмомали Рахмонның Аралды құтқару халықаралық қоры басшысы ретінде өкілеттігін ұзарту туралы шешімге қол қойды.
Еске салсақ, Қырғызстанда Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV консультативтік кездесуі өтті. Кездесуге Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан президенттері қатысты.