НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. Қазақстандық KASE қор биржасында күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 482,04 теңгені құрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Шетелдік валютаның бағамы бір тәулікте 0,77 теңгеге өсті. Кеше, 20 шілдеде доллар бағамы 481,20 теңгені құраған еді.
Валюта айырбастау пунктерінде долларды 480-481 теңгеге сатып алып, 484-486 теңгеден сатып жатыр.
Бұған дейін Ұлттық банк теңге бағамының әлсіреуі қалыпты жағдай екенін мәлімдеді.