НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде – Sputnik. Ескелді ауданы Көкжазық ауылының тұрғындары тиімсіз жұмысы үшін жергілікті әкімнің отставкаға кетуін талап етіп отыр. Ауылда интернет, көшелерде жарық жоқ, жол нашар және балалар алаңдары салынбаған, деп шағымдануда тұрғындар.
Ауылдық округ әкімі жергілікті әкімшілікті 20 жыл басқарады, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Ескелді ауданы әкімдігінің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Сағади Талдыбаев Көкжазық ауылдық округінің әкімі қызметіне екі рет тағайындалған: 1998-2012 жылдар және 2016 жылдан бүгінге дейін.
Ал әкімнің өзі бүкіл проблеманы бір сәтте шешу мүмкін емес деп санайды.
"Бәрі жоспарға сай жүріп келеді. Бәрі кезең-кезеңмен шешіледі. Демалыста көшедегі 10 жарық бағанын ауыстырдық, спорт алаңы салынып жатыр. Иә, интернет мәселесін шешу қиын, өйткені ауылдың географиялық орналасуы мүмкіндік бермейді. Ауыл жазықта орналасқан. Қазір округтің үш ауылында таза ауыз су бар, оқушыларды мектепке автобуспен тасимыз, міне осымен мақтана аламын", - дейді Талдыбаев.
Әкім отставкаға кетуге дайын ба және келесі мерзімге әкім сайлауына қатыса ма деген сұраққа Сағади Талдыбаев жауап берген жоқ.