Саясат

Тоқаев Қырғызстанға барды

Президент ертең Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуіне қатысады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына келді, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы 21 шілдеде Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуіне қатысады.
Президентті әуежайдан Қырғыз Республикасы министрлер кабинетінің төрағасы – президент әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров, Қырғыз Республикасы транспорт министрі Эркинбек Осоев, Қырғыз Республикасы сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Нуран Ниязалиев қарсы алды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Шолпан-Ата қаласына барды
Жиында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан көшбасшылары әлемдегі қазіргі геосаяси және экономикалық ахуалға байланысты өңірлік интеграцияның перспективаларын қарастырмақ.
Саммит қорытындысы бойынша бірнеше құжатқа қол қойылады деп жоспарланған.