Денсаулық

Қазақстанда тексерілген ойыншықтардың жартысы қауіпті болып шықты

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде – Sputnik. Жыл басынан бері Қазақстанда қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін 706 ойыншық анықталды.
Барлығы 1499 ойыншық тексерілген, соның жартысына жуығы бала денсаулығына қауіпсіз болмай шықты.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті балалар ойыншығына ай сайын мониторинг жүргізеді.
"Өнімнің қауіпсіздігіне мониторинг жасау аясында балалар ойыншықтарының 1499 үлгісі зерттелді. Тексеру нәтижесінде 706 үлгі "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" талаптарға сәйкес келмеді, бұл 47,1%-ті құрады. Оның ішінде отандық – 9 (1,3%), ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер – 59 (8,4%), басқа елдер – 638 (90,3%)", - деді комитеттегілер.
Заңбұзушылықтардың негізгі бөлігі таңбалау талаптарын бұзу – 97,6%, органолептикалық көрсеткіштер бойынша заңбұзушылықтар – 3,3%.
Санитариялық-химиялық бойынша 23 ойыншықта қауіпсіздік көрсеткіштерінің асып кеткені анықталды. Оның ішінде:
ксилол – 5 ойыншық (Novel special "Рыбалка" ойын жиынтығы, Fighting Eagle тапаншасы, 6+ жастан асқан балаларға арналған "GYROSCOPE SERIES", пластмассадан жасалған қуыршақ, "L.O.L surprise!", ҚХР ыдыс жиынтығы);
бензол – 4 ойыншық ("FREEZE II" қуыршағы, "Лариса MONSTER GIRL" қуыршағы, "THUNDERCYRO" балаларға арналған пластмассадан жасалған ұшатын диск ойыншығы, ҚХР ыдыстар жиынтығы);
фенол – 3 ойыншық ("Вкусняшка" антистресс ойыншығы, "Lovely baby" қуыршақ ойыншығы, "Юла" балалар ойыншығы);
гептан – 2 ойыншық ( "Военный" ойыншық жинағы, пианино "Little musicial" балалар ойыншығы);
формальдегид – 3 ойыншық (автомобиль трансформаторы Мини W ТОБОТ, "Қуыршақ" ойыншығы, ҚХР ыдыс жиынтығы);
этилацетат – 1 ойыншық ("Baby Shop" қуыршағы);
стирол – 2 ойыншық (пластмассадан жасалған қуыршақ, "L.O.L surprise!", ҚХР ыдыстар жиынтығы),
метил спирті –1 ойыншық ("Лариса MONSTER GIRL" қуыршағы),
изопропил спирті – 1 ойыншық ("Baby Shop" қуыршағы),
изобутил спирті – 1 ойыншық ( "Baby Shop қуыршағы).
Анықталған фактілер бойынша кәсіпкерлерге заңбұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді.
Сауда кәсіпорындарынан 21,5 келі ойыншық сатылымнан алынды.
Ойыншықтар өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжаттарсыз сатылған.