Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Батыстың Ресейге қатысты жоспары орындалмай жатыр

Sputnik
Швеция БАҚ-ының мәліметі бойынша, жақында ғана ұлттық әскери-әуе күштерінен қызметтен кеткен 28 жастағы лейтенант Донецк маңында қаза тапқан. Дереккөз ақпаратына сәйкес, ол "тактикалық дағдыларымен бөлісу мақсатында" екі ай бұрын әскери іс-қимыл аумағына келген, деп жазды РИА Новости.
Бұл жаңалық Батыстың Украина тағдырын анықтау бойынша өз іс-қимылының бағдарын таңдау алдында тұрғанын аңғартатын соңғы күндердегі басқа оқиғалармен қатар жарияланды.
Барлық бағыт бойынша процестер Атлант мұхитының қос жағалауындағылар жоспарлағаннан тыс дамып жатқаны проблемаға айналды. Жағдай бірден ушығып барады.
Ресей экономикасы санкцияларға төтеп берді, ал Еуропа мен Америкада дағдарыс ушығып барады. Энергия тапшылығы күз келгенде тіпті өршитін түрі бар. Мәскеуді оқшаулау да ойдағыдай орындалмады. Батыс саясатын қолдамайтын мемлекеттер жаһандық үстемдік жүргізуге қарсы екендерін ашық аңғарта бастады. Байденнің Таяу Шығысқа сапары сәтсіз аяқталса, Путиннің Тегерандағы кездесуін жемісті деп бағалауға болады. Сол сияқты ресейлік министр Лавров та Индонезияда "Үлкен жиырмалық" елдері жариялаған бойкотының әсері жоқ екенін көрсетті.
"Ең қиыны – Украинадағы жағдай. Майдандағы ахуал әлі де баяу дамып жатыр. Сондықтан сарапшылар қай тарап жеңіске жететіні туралы әлі де дауласуда. Зеленскийдің Бас прокуратура мен Украина қауіпсіздік қызметін басшысыз қалдыруы және оның себебін "жұмыс нәтижесіне қанағаттанбау" мен "мемлекетке сатқындық жасаудың көптеген фактісі" деп атап көрсетудің өзін көп жайттан хабар беріп тұр", - деп жазды автор.
Мақала авторының пікірінше, Батыс Украинаны Мәскеуге қарсы басты құрал ретінде қолданып отыр. Сондықтан жеңілуге жол жоқ. Дегенмен, іс мүлде басқаша дамып жатыр. Батыс Украина арқылы Ресейге қарсы соғысуды жоспарлады. Мұны жүзеге асырды деуге де болады. Шындығында, бұл мінсіз жоспар. Біріншіден, ядролық державалардың тікелей қақтығысы болмайды. Екіншіден, бұл Батыстың өзі соғысқаннан әлдеқайда арзанға түседі. Үшіншіден, мұндай қақтығыс форматы Ресейді экономикалық, әскери, әлеуметтік және тағы басқа салада көздейді.
Бірақ арнайы операцияның бес айында Батыс Украинаға бара-бара тереңдеп араласа бастағаны анық байқалады. Ол мейлінше көп қаражат жұмсауға мәжбүр. Украинадағы әскери іс-қимылды қолдауға миллиардтаған доллар бөлінуін бүгінде Еуропа және Америка қоғамының қолдауы қатты бәсеңдеп барады.
Батыс Украинаға қару-жарақ жолдауға мәжбүр. Қазір жеткізіліп жатқан қару-жарақ әлдеқайда қымбат және заманауи үлгілер болып отыр. Ол әскери жабдықтар ресейлік және республикалық әскерге қиындық тудырғанмен, әскери іс-қимылға шешуші ықпал ете алмайды.
Швед әскериінің қаза табуы туралы жаңалық Киевте соғысып жатқан шетелдік әскерилердің мерт болуы үдеп жатқанын көрсетеді. Олардың арасында қаражат табу мақсатында соғысқа аттанғандар болуы да ықтимал. Дегенмен, "отставкадағы лейтенант" ақиқатында "штаттағы әскери кеңесші" екені анық.
Нәтижесінде, батыс елдері қомақты қаражат жұмсап, қару-жарақ пен әскерилерді аттандырса да, Ресейге қатысты бастапқы жоспар орындалмай отыр. Енді Батыс әрі қарай қандай жолды таңдайтынын шешу керек. Оның ішінде кері шегіну, Ресеймен ашық қақтығысқа түсу немесе қазіргі ұстанымды әрі қарай жалғастыру бар.
Бірінші нұсқа Батыстың Мәскеуге ашық түрде берілуін қарастырғанмен бұл қазіргі уақытта адам нанғысыз болып көрінеді. Екіншісі – ғаламшарда жаһандық ядролық соғыс қаупін төндіруді білдіреді. Ал, тиімсіздігін дәлелдеп қойған үшінші нұсқа Киевке жан-жақты қымбат көмекті одан әрі арттыруды аңғартады.