Қоғам

Қазақстанда мыңдаған адам азаматтық алмай жүр

Азаматтық алмай жүргендердің барлығы құжаттандырудың халықаралық кампаниясы аясында анықталған болатын
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде – Sputnik. Қазақстанда соңғы екі жылдың ішінде азаматтығы жоқ 9 мыңнан астам адам анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
Азаматтық алмай жүргендердің барлығы құжаттандырудың халықаралық кампаниясы аясында анықталған болатын. Құқық қорғаушылардың айтуынша, барлық аймақта үкіметтік емес ұйымдар, көші-қон қызметі мен әділет министрлігі арасындағы жұмыс күшейтілді.
Соның нәтижесінде 500-ден астам адам азаматтығын алды. Бүгінде тағы 490 адам құжаттарын рәсімдеуге кірісті.
Ал салалық ведомстволар шетілдік әріптестерімен келіссөз жүргізіп жатыр. Негізгі мақсат – Қазақстанның БҰҰ-ның азаматтықтығы жоқтығы туралы конвенцияларына қосылу.
Айта кетері, БҰҰ-ның азаматтығы жоқ адамдардың санын қысқарту туралы конвенциясы 1961 жылы қабылданған болатын. Оған қосылған мемлекеттер азаматтығы жоқ адамдарды қысқартуға міндетті.