Бұқтырмада кеменің батуына жол бергендер жазаланады

Полиция су көлігін эксплуатациялау ережесін бұзу фактісі бойынша тергеуді бастады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде – Sputnik. Бұқтырма су қоймасында кеменің батуына жол берген экипаж мүшелері жауапқа тартылуы мүмкін, деп хабарлайды Астана тв.
Дауылды ескертудің хабарлануына қарамастан олар туристермен бірге су бетіне шыққан.
Секундына 20 метр жылдамдықпен соққан жел кемені аударып тастады. Оның бортында 21 жолаушы мен үш экипаж мүшесі болған.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, батып бара жатқан кемені көрген төрт жігіт гидроскутер және катермен көмекке аттанды. Адамдар түгел құтқарылды.
Полиция су көлігін эксплуатациялау ережесін бұзу фактісі бойынша тергеуді бастады.