Саясат

Тоқаев Қырғызстанға барады

Жиын барысында Орталық Азия елдері арасында достық, тату көршілік мен ынтымақтастықты нығайтуға арналған бірқатар құжаттар рәсімделеді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде – Sputnik. Орталық Азия елдерінің президенттері Қырғызстанда жиналады.
20-21 шілде күндері Шолпан-Ата қаласында төртінші консультативтік кеңес өтеді, деп хабарлады осы елдің сыртқы істер министрлігі.
Кеңесте аймақтық қауіпсіздік мәселелері, сондай-ақ, сын-қателерге қарсы бірлескен шаралар талқыға салынады. Экономикалық өсімді қамтамасыз ету мақстатында өзара ынтымақтастықты кеңейту жайы да сөз болады.
Жиын барысында Орталық Азия елдері арасында достық, тату көршілік мен ынтымақтастықты нығайтуға арналған бірқатар құжаттар рәсімделеді. Бұдан бөлек, Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың әрбір елдің басшысымен жеке кездеседі деген жоспар бар.
Айта кетері, былтыр Орталық Азия елдері басшыларының кездесуі Түрікместанда ұйымдастырылған болатын.